HALYQLINE.KZ –| Қазақстандағы коронавирус бойынша 20 сәуір 12:30 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай мынадай:
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 22 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматы қаласында – 10, Шымкент қаласында. – 9, Қостанай облысында – 1.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 383 адам, Алматы қаласында – 535 адам, Қарағанды облысында — 93 адам, Ақмола облысында — 82 адам, Атырау облысында — 80 адам, Жамбыл облысында — 61 адам, Шымкент қаласында — 80 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 8 адам, Алматы облысында — 44 адам, Ақтөбе облысында — 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 30 адам, Павлодар облысында — 30 адам, Маңғыстау облысында — 12 адам, Қызылорда облысында — 149 адам, Батыс Қазақстан облысында — 63 адам, Түркістан облысында — 60 адам, Қостанай облысында — 20 адам, жалпы 1757 науқас тіркелді.
Яғни, Қазақстанда 1757 жағдай расталса, 413 адам індеттен жазылып шыққан. Өкінішке қарай, 19 адам көз жұмды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!