19 наурызда Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ.
I (а) категория елдерінен өңірге 2020 жылдың 6 наурызынан бері барлығы 4 азамат келген. Оның 3-еуі ҚР-ның және 1-еуі Сербия азаматы (барлығы Германиядан келген).Тексеріс нәтежиесінде бұл азаматтардан КВИ анықталмаған. 4 азамат та провизорлық стационарға (карантинге) жатқызылды.
I (б) категория елдерінен аймаққа 2020 жылдың 5 наурызынан бері бүгінгі күнге дейін бірде-бір азамат келген жоқ.
II категориялы елдерден аймақ аумағына 2020 жылдың 5 наурызынан бүгінгі күнге дейін 4 азамат Біріккен Араб Әмірлігінен келген. Барлығы ҚР-ның азаматтары.Қазіргі уақытта олар медициналық бақылауда.
Ал бұл категорияларға жатпайтын, бірақ КВИ тіркелген елдерден келген ҚР азаматтарының саны – 3. Олар Иордания, Беларуссия мемлекеттерінен келген. Бұл азаматтар телефон арқылы бақылауға алынды.
Қызылорда облысының әкімдігі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!