HALYQLINE.KZ Сәрсенбінің сәтті күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай «Тарих. Тағдыр. Тұлға.» тақырыбындағы көрме ұйымдастырылды.
Іс-шара Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры әртістері сомдаған «Нарком Жүргенов» драмасының үзіндісімен басталды. Көрменің ашылу салтанатында Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова және «Темірбек Қараұлы Жүргенов» қоғамдық қорының төрағасы Сәпен Аңсат тау тұлға – Темірбек Жүргенов жайлы тағылымды ой тарқатып, биылғы атқарылатын ауқымды жұмыстарға тоқталды. Көрмеге облыстық музей қорындағы 60 жуық фотосурет мен архивтік құжат, кітаптар, ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында зиялы қауым өкілдерінің пайдаланған заттай экспонаттары қойылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!