Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көктемгі көркейту-көгалдандыру жұмыстары талқыланды

16.03.2026, 17:30 47

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында кент және ауылдық округтерде жүргізіліп жатқан көктемгі санитарлық-тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарының барысы қаралды.

Бұл туралы Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Мәжілісте аудан әкімі жауапты сала басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне тазалық шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету, аяқсу арналарының аршу жұмыстарын сапалы жүргізу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, мекеме ғимараттарының сыртқы келбетін ретке келтіру, ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.


Жиын қорытындысымен күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктелді.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: