Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көктемгі дала жұмыстарына 160-қа жуық техника қатысуда

24.05.2024, 15:45 431

Қызылорда қаласы бойынша биылғы жылы бекітілген сызбаға сәйкес 8 677 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырылатын болады.

Оның ішінде: Негізгі дақыл күріш — 3 614 га, бидай — 122 га, қант құмайы — 50 га, жаздық арпа — 2 га, жүгері — 5 га, жаңа жоңышқа — 300 га, ескі жоңышқа — 1 763 га, картоп — 500 га, көкөніс — 1 330 га, бақша — 990 га.

Бүгінгі күнге күріш дақылының 2 950 гектарға егіліп, 2750 гектары суға бастырылды.

Биылғы жылдың егісіне 1033 тонна күріш тұқымы құйылды. Құйылған тұқымының 4.4 пайызы — отандық, 95,6 пайызы — ресейлік сорттар.

«Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының мәліметі бойынша, тексеруге түскен 1033 тонна күріш тұқымының, себу дәрежесіне жеткені — 1033 тонна (100 %), оның ішінде 21 тоннасы — (2,0 %) 1-класс.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 157 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысуда және қажетті дизель отынымен толығымен қамтамасыз етілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: