Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Келестің «көңілі»

11.09.2023, 16:05 332

HALYQLINE.KZ

МЫСАЛ ӘҢГІМЕ

Бір досыма келес (варан) сыйға беріліпті. Ол оны құдды бір үй мүлкіндей санап, тамақтандырып, әбден жағдайын жасапты.

Бір күні хайуан саусағын тістеп алады. Ашуланған досым «қазір сені лақтырып тастаймын» деп бұрылса, келес оған мүләйімси әрі мұңлы қарап тұр екен. Тіпті, аквариуымынан шығып, үйдің қай бұрышына барса да, ізінен бір елі қалмай еріпті де жүріпті. Көздері «Кешіріңіз, қожайын, кешіріңіз» дегендей. Оған досымның жүрегі тіптен елжіреп кетіпті. Таңертең ұйқыдан тұрса, келес кетпей, түнімен қасында жатып шығыпты. Мұңлы жүзбен қарайтынын қайтерсің.

Досымның әбден берілгені соншалықты, оны қандай сезімтал, қамқор еді деп ойлай бастайды.

Дегенмен, саусағының ауруы басылмайды, ушыққаны сондай, ісіне түсті. Ол келесті құшақтай көтеріп, дәрігерге келеді.

Сол жерде бұл келестің улы түрі екені анықталды. Тек оның уы әлсіздеу келеді екен. Сол себепті, олар алдымен тістеп алып, содан кейін құрбанының соңынан ол қашан жан тапсырғанша ілбіп еріп жүре береді екен.

Бұл мысалды неге айтып отырмын дейсіз?!

АДАМ КӨЗІҢІЗГЕ ҚАНШАЛЫҚТЫ АДАЛДЫҚПЕН ҚАРАҒАННЫҢ ӨЗІНДЕ АР ЖАҒЫНДА БАСҚА ОЙ БОЛАРЫН ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ, СОНШАЛЫҚТЫ АҢҒАЛ БОЛМАҢЫЗ!

Интернет желісінен еркін аударған

Айгүл САҒЫМБАЙ.

Әлеуметтік  желідегі  парақшасынан  алынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: