HALYQLINE.KZ Бір жылдан астам уақыт ішінде әлемді дүрліктіріп, шарпып келе жатқан тәжвирус індеті әлі күнге дейін ушығып жатыр. Бұл пандемияның салдары қазақ халқына да көп кесірін тигізді.
«Той десе қу басы домалайтын» қазақтар жиын-тойларды жақсы көріп ғана қоймай, салт-дәстүр, жөн-жоралғыларымен жиі жасап тұрады. Той – халық қазынасы, көптеген жандардың лебізі, қуанышты сәттердің естелігі. Бірақ, карантиндік режиммен жүргеніміз той бизнесіне де, қазақ жұртына да оңай тиген жоқ. Дегенмен, карантин талаптары тойдың болуына, адамдардың басқосуына қатаң түрде қарсы. Қазіргі уақытта, бұл жағдайдың зиянды жағы, көптеген адамдардың сақтық шараларын жасамауы, шыдамсыздық танытуынан болып отыр. Осы сәттің өзінде, той-думандар саны азаймай отыр. Балаларына зор қуаныш сыйлау үшін және өмірде бір-ақ рет деген қағидамен тойлардың тоқтатылар түрі көрінбейді. Десек те, қазақ тойды көп дәріптеген деп шашылып, ысырапшылдық жасалып жатады. Басқалармен өз тойын салыстырып, одан да жоғары өткізу деген ұғым қалыптасып қалған.
Әйтсе де, карантин өзінің жақсы жақтарын бере алды деп ойлаймын. Себебі, адамдар көп ақша құртып, өзін үлкен шығынға әкелетін тойдан кішігірім жиын жасауды қалыптастырып, үйреніп келеді. Бұл ысырапшылдықтың алдын алу емес пе? Десе де, тойға шектеу қойып, тежеу қиындық туғызуы мүмкін. Неге десеңіз, алыстағы ағайынның басын қосып, біраз жақсы жаңалықтарымен бөлісуі, бірін-бірі көптен көрмеген жандардың табысуы – қалыптасып қалған қазақтың қымбат ережелері.
«Той – халықтың мәні» дегенмен, оны әрқайсысымыз шамамызға қарай көсіліп жасағанымыз абзал. Сондықтан да, той үшін ысырапқа барғаннан гөрі, керісінше сауапты іс жасағанымыз дұрысырақ.
Оразкүл ТЕМІРҒАЛИ,
Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 2-курс студенті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!