Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ХҚО-ға дезинфекция жұмыстары жүргізілді

18.03.2020, 12:17 325

Әлем жұртын алаңдатқан алып індет күн санап өршіп келеді. Пандемияның жайылуының алдын алу шараларына қатысты фронт-офистерде сақтық шаралары күшейтілуде.

Осыған орай, Қызылорда қаласындағы барлық ХҚО-ға аурудың алдын алу шаралары басталды. Халыққа қызмет көрсету бойынша №1, №2, №3, №4 бөлімдері мен көші-қон орталығы және мамандандырылған бөлімдерінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Барлық бөлімдерде медициналық тазартқыш құралдары мен сұйық су сабындар белгіленген жерлерге қойылды. Сонымен қатар, күніне 3 рет хлор препаратымен ғимараттар тазалануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: