HALYQLINE.KZ Google бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарына сапалы жаңалықтары үшін ақы төлейтінін мәлімдеді.
«Бүгін біз сапалы контент үшін ақы төлейтін осы жылғы лицензиялық бағдарламаның басталғанын хабарлаймыз», — делінген компания хабарламасында.
Бірақ Google жаңалықтарға қанша төлейтіні айтылмаған. Германия, Аустралия және Бразилиядағы Spiegel, Solstice Media және Diarios Associados компанияларымен алғашқы келісімшарттар жасалды.
«Біз бірнеше елдердегі БАҚ-тардан бастаймыз, болашақта олардың саны артады», — деп хабарлады компания.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!