Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ғарыш ауруынан» жазылғандар не айтады?

27.09.2020, 16:00 435 0

(Ғарыш жайлы ғарышкерлердің өз сөзімен)

1. Ғарыш кеңістігіне барған барлық ғарышкерлер «ғарыш ауруымен» ауырады. Оның себебі, ортаңғы құлаққа бұрмаланған дабыл жетеді. Ауру бас ауруы және жүрек айну арқылы білінеді.

2. Салмақсыздық жағдайында адам ағзасындағы су жоғары қарай жылжиды да, соның себебінен мұрын бітелуі болады. Адамның беті ісінеді. Сүйектер қарқынды түрде кальций жоғалтады. Ішектер баяу жұмыс істейтін болады.

3. 2001 жылы өткізілген тәжірибе бойынша Жерде қорылдайтындар ғарышта қорылдамайды екен.

4. Орбита бойында жүргенде тез ұйықтап кету мүмкін емес, өйткені, биологиялық ырғақ күн шығуына байланысты 16 рет өзгереді.

5. Жасанды омыраулары бар қыз-келіншектер ғарыш туристі бола алмайды, ғарыш туризмімен айналысатын Virgin Galactic фирмасы мамандарының айтуынша, имплантанттар жарылып кетуі мүмкін.

6. Джонн Гленн атты астронавт өз уағында тартылыс күші жоқ болғандықтан, шайналған тамақты жұтудан қиналғанын айтады. Алғашқы астронавтардың тамағы судан арылтылған және сықпа ыдыстарда болған.

7. Қазіргі кезде астронавтар дәмдеуіштерден сұйық күйдегі бұрыш пен тұзды қолдана алады. Егер қатты бөлшектер үгітілсе ұшып барып желдету жүйесіне немесе адамдардың мұрны мен көзіне кіруі мүмкін.

8. НАСА инженерлері скафандр ішінде орналасқан кішкентай әжетхана жасауға әрекет жасап көрген. Әйелдер үшін гинекологиялық арнайы тілше, ал ер адамдар үшін тығыз мүшеқап орнатылу керек еді, кейінірек бұл идеядан бас тартып, жөргек пайдаланамыз деп шешеді.

9. Жерге қайтып оралған кезде астронавтар қол-аяғын қозғалта алмай қалады екен. Сондықтан ғарыштан оралу сәтін «өмірге қайта келу» деп атайды.

10. Салмақсыздық жағдайында ұзақ уақыт бойы болған адамдар қалыпты өмірге үйрену біраз қиындықтар туғызады дейді, мәселен қолыңнан түсіп кеткен зат жерге түсетіні бір түрлі болып көрінеді екен…

Аударған Тоғжан Қаһарбек

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: