Мемлекеттік басылымдарға мейманасы тасыған кейбір шекпенді шенеуніктер билігін жүргізгісі келеді. Олардың ойынша жазған көбік сөзді көлемді мақалаларын біз қысқартпай басуға тиіспіз. Әлгі шимай-шатпақтары редакцияға келіп, бетке түскенше көжедей көп көмекшілері кезек-кезек қоңырау соғып, қоқиланатындарын қайтерсің? Сонда бұл не өзі? Газет әкіреңбай әлдекімдердің қойыртпақтарын тоғытатын қоқыс жәшігі ме?
Оқырман обалын ойлай ма екен солар…
Талғат БАТЫРХАН,
«Egemen Qazaqstan»
Суретті салған В.Дубов
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!