Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Forbes тізімі: Әлемдегі ең бай адамдар рейтингісіне қанша қазақстандық енді?

09.04.2022, 16:00 527

Forbes әлемдегі ең бай адамдардың 36-шы жыл сайынғы рейтингісін жариялады. Бұл тізімге бес қазақстандық — долларлық миллиардер кірді.

Әлемдегі ең бай адамдардың жаңартылған 36-шы рейтингісінде 2 668 миллиардер бар.

Тізімге 5 қазақстандық кірді – Владимир Ким (байлығы 5 млрд долларға бағаланады, 2021 жылы — 4,6 млрд), Тимур Құлыбаев (3,8 млрд доллар, 2021 жылы — 2,8 млрд), Динара Құлыбаева (3,8 млрд доллар, 2021 жылы — 2,8 млрд), Болат Өтемұратов (2,8 млрд доллар — 2021 жылы — 3,4), Вячеслав Ким (2 млрд доллар, 2021 жылы — 3,3 млрд).

Қазақстанда тұратын, бірақ басқа мемлекет азаматтары болып табылатын тағы екі миллиардер де Forbes тізіміне енді. Kaspi.kz акционері және басқарма төрағасы, Грузия азаматы Михаил Ломтадзе 1,9 миллиард доллар (2021 жылы — 3,2 миллиард доллар).

Сондай-ақ, Freedom Holding Corp инвестициялық тобының негізін қалаушы және акционері, Ресей азаматы Тимур Турлов, оның байлығы былтыр 2,1 миллиард доллардан биыл 2,4 миллиард долларға дейін өсті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: