Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Factcheck.kz: Қазақстан халқы 19 миллионға жеткен жоқ

22.05.2020, 11:40 964

HALYQLINE.KZ Соңғы аптада «Қазақстан халқының саны 19 млн-ға жетті» деген ақпарат жиі тарап жүр. Түрлі сайттар мен әлеуметтік желілерде құттықтаулар мен хабарландырулар жарияланып жатыр. Дәл қазіргі уақытта Қазақстан халқының саны 19 млн-ға жетті ме? Factcheck.kz статистика комитетіне жүгіне отырып тексеріп көрді.

«Қазақстан халқының саны 19 млн-ға жетті«

Үкім: Жалған

ҚР Статистика комитетінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, 1 сәуірдегі Қазақстан халқының саны – 18 690 195 адам. Статистика комитетіне хабарласып, 1 мамырдағы деректерді сұрап едік, маусымның басында ғана жарияланатынын айтты.

Ақпарат қайдан шықты?

БАҚ бұл ақпаратты countrymeters.info сайтынан алған. Сайттан шынымен Қазақстан халқының саны 19 млн-нан асқанын көреміз. Бұл сайт дереккөз ретінде БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментаментінің халық қоныстануы бөліміне сілтеген.

Бұл бөлім 1951 жылдан бері әлемнің 235 мемлекетінің халық санына болжам жасап әрі бағалап отырады. Халық санын бағалау әр жыл сайынғы туу мен өлім-жітім деңгейіне қарай жүргізіледі. Сондықтан countrymeters.info сілтеген бұл бөлімнің статистикасы тек болжам ғана.

Қазақстанда халық санының өсуіне қарап, биыл шынымен де 19 млн-ға жетуіміз мүмкін. Алайда көбейдік деп қуануға әлі ерте.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: