Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есіріткі гүлінің жер бетінен жойылғанын бүкіл әлем қалайды

15.01.2025, 16:35 52

Ерте, ерте, ертеде, таң ғажайып өлкеде көп гүлдер өсетін болыпты. Гүлдер бір-бірімен дос болыпты. Барлық гүлдерге Қызғалдақ, Сарғалдақтар басшы болыпты. Бір күні гүлдердің ішінде үлкен дау болыпты, есірткі шөбі қаулап өсіп бау болыпты.

– Біз неге Қызғалдаққа бағынамыз, неге Сарғалдаққа табынамыз? Мен – есіріткі гүлімін, қуаныштың жырымын. Менің дәмімді татқандарды олай-бұлай теңселтіп жүргізіп қоямын, сондықтын мен басшы боламын, – депті.

Сөйтіп, барлық гүлдер жиналып, есірткі гүлін шетке шығарып тастапты.

Ата-анасын тыңдамайтын, өзінің қалауы болатын, қарқылдап күлетін топ бала есірткі гүліне барыпты. Есірткінің кепкен гүлдерін таңдайына салып, , дәндерін алып дәмін татқан кезде қызыққа батып, шалғайып жатыпты. Сосын бойдағы жаман қылықты оятып, қыза-қыза адамдар арасына келіпті. Бейне-бір ақымақтар әлеміне келгендей әсерде болыпты. Бұл адамдар дұшпан көзімен қарапты. Әйтсе де есірткі гүлі жер-жерге тарапты, оны шеккендер денсаулығын құртыпты, бір-бірінің жағасын жыртыпты. Сөйтіп барлық адам бірігіп есірткі гүлін құртуға үкім шығарыпты.

Есірткі гүлін тығып егіп, тығып шегіп жүргендер бұл күнде қоғамның өте нашар төменгі топтарына жатады. Есірткі гүлі бұл күнде тұқымдардың ішінде, таулардың биігінде, көлдердің жағасында тығылып өмір сүріп жатыр. Ол өзінің қашан құрып кеткенін, жер бетінде жойылғанын адамдардың тілейтінін біледі, сондықтан да есірткі гүлінің жүрегі нашар соғады, есіріткі гүлі жер бетінен жойылғанын бүкіл әлем қалайды. Оңашада қалған есірткі гүлі «мені осы неге жаратты екен, неге құмарлықтың құралы болдым?» деп қатты өкінеді екен. Адамдарға зияны бар гүлдер жерден топырақтан нәр алмаса екен, оның улы нәрі адам бойына тарамаса екен. Есірткі гүлі осындай сөзді айтып, мәңгі ұйқыға кетті, енді ояна ма оянбай ма, ол белгісіз.

Оңталап Назгүл Нұрлыбекқызы,

Сақтапберген Әлжіков атындағы

№144 орта мектептің 6-сынып оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: