Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есептегі азаматтар тарихи орындарға экскурсия жасады

08.10.2020, 16:30 1193

HALYQLINE.KZ Әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосуы қажет.

Жаңақорған аудандық пробация қызметі есептегі азаматтардың бойына ұлттық құндылықты сіңіру, рухын бекітіп, тарихи танымын кеңейте түсу мақсатында аудандағы киелі саналатын тарихи орындарға экскурсия жасады.

Олар Жаңақорған-Сығанақ-Ақүйік-Қатынқамал-Бесарық өзені бойындағы Таңбалы тас орындарының тарихымен танысты.

Қатынқамал аталған үңгір көп құпиясын ішіне тартқан. Қаратаудың етегінде кешегі Жоңғар мен Қазақ арасындағы алапат соғыс кезінде балалар мен әйелдерді бір жерге жинап, Алладан тілеу тілегендердің зарын қабыл алғандай үңгір пайда болып, соған тығылғандар аман қалыпты дейді қариялар. Саяхат барысында айтылған аңыз әңгімелер есептегі азаматтарды сол ғасырларға ойша апарып тастады десек, артық айтқандық емес.

Өткені мен бүгінінен шыр шертетін тарихи құндылығы бар қасиетті орындарға барып, мәдени-тарихи мұраларымен танысқан есептегі азаматтар экскурсиядан тамаша әсер алып, пробация қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Жаңақорған аудандық пробация қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: