Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

26.02.2026, 9:50 113

Қазақстанда жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда оны енді онлайн форматта ауыстыру мүмкіндігі пайда болды.

eGov.kz порталындағы қызмет арқылы азаматтар үйден шықпай-ақ құжатты жаңарту рәсімін рәсімдей . Бұл жаңашылдық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Портал арқылы жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін пайдаланушы жүйеге авторизациядан өтіп, өтінім толтырып, оны электрондық цифрлық қолтаңба арқылы растауы тиіс. Сондай-ақ өтінімге фотосурет пен қол үлгісі қоса тіркеледі. 

Онлайн рәсімдеу барысында қажетті деректер мемлекеттік базалар арқылы автоматты түрде тексеріледі. Нәтижесінде азаматтар құжатты алу үшін тек дайын болған кезде мамандандырылған ХҚКО-ға барып алады.

Жүргізуші куәлігі Қазақстанда көлік құралдарын басқаруға құқық беретін негізгі құжат болып саналады және әдетте 10 жыл мерзімге беріледі.

Фото: Kazinform  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: