Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі әуе тасымалдаушылары – Emirates пен Etihad Airways рейстерді шектеулі көлемде қайта жандандыра бастады.
Emirates әуе компаниясының мәліметінше, алдағы уақытта компания 82 бағыт бойынша ұшуды жалғастырады. Алайда Дубай арқылы басқа рейске ауысып мінетін жолаушылар тек олардың келесі рейсі алдын ала расталған жағдайда ғана сапарға шыға алады.
Ал Абу-Дабиде орналасқан Etihad Airways 19 наурызға дейін шектеулі ұшу кестесі енгізілгенін хабарлады. Компания шамамен 70 бағыт бойынша рейстерді орындайды. Оның ішінде Франкфурт, Лондон және Париж қалалары бар.
Соған қарамастан, Таяу Шығыс өңіріндегі қауіпсіздік жағдайы әлі де тұрақсыз күйінде қалып отыр. Мәселен, аймақтағы азаматтарды эвакуациялау үшін жіберілген Air France әуе компаниясының чартерлік ұшағы зымыран шабуылдарына байланысты кері қайтуға мәжбүр болған.
Сарапшылардың пікірінше, өңірдегі әскери-саяси жағдай әуе қатынасының толық қалыпқа келуіне әзірге кедергі келтіріп отыр.
Фото: cirium.com
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!