Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізде зейнеткерлердің үлесі қанша?

27.02.2026, 12:29 38

Қазақстанда зейнетақы алушылар саны 1,5 миллионнан асып отыр. Қазіргі таңда ел бойынша 1 млн 520 мың азамат зейнетақы төлемдерін алады. Бұл – халықтың әлеуметтік құрылымындағы маңызды топтардың бірі.

Халықаралық бағалауларға сәйкес, еліміздің зейнетақы жүйесі мен қарттық шақтағы өмір сапасы да назар аудартады. Мәселен, U.S. News & World Report жүргізген зерттеу нәтижесінде Қазақстан зейнеткерлік жаста өмір сүруге қолайлы елдер рейтингінде 89 мемлекеттің ішінде 77-орынға тұрақтаған.

Зейнетақы қоры жүргізген сауалнама азаматтардың қарттық шақтағы қаржылық үміттері әртүрлі екенін көрсетеді. Респонденттердің 39,3%-ы өз жинақтарын негізгі табыс көзі ретінде қарастырса, 25%-ы мемлекеттік зейнетақыға сенім артады. Ал 15,6%-ы басқа да қаржылық жинақтарына иек артатынын айтқан.

Сонымен бірге тұрғындардың 11,6%-ы қартайғанда жеке бизнес табысына сүйенетінін жеткізген. 5,4%-ы туыстарының көмегіне үміт артса, 2,6%-ы сақтандыру төлемдерін негізгі тірек ретінде қарастырады.

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: