Көрнекті сурет
Қазақстанда коронавирустық инфекция жұқтырған тағы 21 адам тіркелді деп хабарлайды coronavirus2020.kz
Қазақстанда коронавирус бойынша 2 сәуір Нұо-Сұлтан уақытымен сағат 17.05-тегі жағдай: Коронавирус жұқтырған тағы 21 адам еліміздің әр өңірінен тіркелген. Олар: Солтүстік Қазақстан облысында – 2, Алматы қаласында – 1, Қызылорда облысында – 1, Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Шымкент қаласында – 8, Түркістан облысында – 6, Ақтөбе облысында – 1 адам.
Осы сағатта:
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 193
Алматы қаласында – 91
Қарағанды облысында – 21
Ақмола облысында – 19
Атырау облысы – 18
Жамбыл облысында -5
Шымкент қаласында – 11
Шығыс Қазақстан облысында – 2
Алматы облысында – 9
Ақтөбе облысында – 1
Солтүстік Қазақстан облысында – 8
Павлодар облысында – 1
Маңғыстау облысында – 1
Қызылорда облысында – 26
Батыс Қазақстан облысында – 2
Түркістан облысында – 11.
Осылайша, елімізде коронавирус анықталған адам саны 423-ке жетіп отыр.
Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, ресми деректерге сәйкес, дүниежүзінде коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны 935 мыңға жеткен. Олардың 46,8 мыңы коронавирустан қайтыс болса, 194 мың адам COVID-19 вирусынан айығып шыққан.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!