Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елдің 16 өңірінде ауа райы күрт бұзылады

06.02.2026, 10:15 48

Қазақстанның 16 өңірінде ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды. 6 ақпанда елдің басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, көптеген аймақта қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын, боран, көктайғақ және тұман күтіледі. Жел күшейіп, кей өңірлерде оның екпіні секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін. Ал республика бойынша желдің жылдамдығы 15–28 м/с шамасында болады деп болжануда.

Ауа райының күрт нашарлауы әсіресе Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Ұлытау мен Жетісу өңірлерінде байқалады. Бірқатар аймақтарда температура төмендеп, аяз күшейеді. Мәселен, Маңғыстау облысында түнгі уақытта ауа температурасы –20 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Осыған байланысты тұрғындарға жолда және ашық кеңістікте барынша сақ болу, алыс сапарларды кейінге қалдыру немесе алдын ала ауа райы жағдайын ескере отырып жоспарлау ұсынылады. Қатты жел мен жауын-шашын көктайғақтың пайда болуына, жаяу бұрқасынға және көріну деңгейінің нашарлауына әкелуі ықтимал. Әсіресе таулы аймақтар мен асуларда қауіп күшейе түседі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: