Қосылған құн салығы (ҚҚС) 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі,- деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, заң әлі күшіне енген жоқ.
Бірақ қабылданған жағдайда оның әсері қазақстандықтар үшін 2026 жылдың наурыз айында сезіле бастайды, яғни төлем мерзімі келген кезде. Сонымен қатар, мемлекет бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасауды көздеп отыр, – деді ол,
Жаңа салық жүйесіне сәйкес, ҚҚС мөлшері 16% деңгейінде белгіленеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер бұл салықтан толықтай босатылады. Сондай-ақ денсаулық сақтау, IT, туризм, креативті индустрия және азық-түлік өндірісі салалары үшін төмендетілген 10%-дық мөлшерлеме ұсынылған.
Осылайша, жаңа ҚҚС реформасы түрлі салаларға сараланған мөлшерлеме енгізу арқылы экономикаға оң әсерін тигізуді көздейді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!