Қазақстанда орналасқан, әлемдегі ең үлкен уран кеніші «Буденовское» активінің Ресей олигархы Анисимовқа қалай өткенін Арманжан Байтасовқа сұхбат берген Мұхтар Жәкішев айтып берді. Ол кезде Жәкішев «Қазатомпром» ұлттық уран операторының басшысы болған, деп хабарлайды «Дала инсайд».
Назарбаев пен Путин біздегі уран рудниктеріне бірлескен кәсіпорындар ашып, әр кәсіпорын акциясының тең жартысын Ресейге, яғни «Росатомға» беру бойынша келіседі. Ресей есесіне өзіндегі уран байытатын комбинат (АО «ЦОУ») акцияларының тең жартысын Қазатомпромға беруі тиіс. Қазатомпром жоспары бойынша, олар уран өндіріп, оны ЦОУ-да байытып, сосын Өскеменге апарып, дайын таблетка жасап, АЭС-терге сататын болады.
Рудниктер акцияларының жартысын Росатомға беріп жатқан кезде, Ресей жағы бір рудниктің үлесін Росатомға емес, олигарх Анисимовқа беруді сұрайды. Яғни, олар өз коррупциялық схемаларын жүзеге асырған. Қазақстанға бәрібір болғандықтан, Анисимовке бере салады.
Қызық әлі алда. Енді Жәкішевтен кейін Қазатомпромды, одан кейін тағы 2 жыл ҚР Энергетика министрлігін басқарған Владимир Школьниктің Қазақстанға опасыздық жасағанын айқын көре аламыз. Біз ірі рудниктеріміздің тең жартысын Ресейге беріп, есесіне «ЦОУ» уран байыту орталығының жарты үлесін алдық қой. Сол Қазатомпромның үлесін 2020 жылы біздің тарап Ресейге 100 миллион доллар үшін қайтарып бере салған. Өздеріне тек 1% акция ғана қалдырған.
Сонда Анисимов бізден алған бір рудниктің тең жарты үлесін Росатомға 1,2 миллиард долларға сатты. Ал Қазатомпром ең ірі 5-6 рудниктің жарты үлесін Ресейге беріп, соның есесіне уран байыту орталығының жарты үлесін алды да, оны күлкілі баға – 100 миллион долларға қайтып бере салды. Мұны қалай атауға болады?
Владимир Школьник өзінің Қазақстандағы басты миссиясын – уран бойынша бізді Ресейге толық тәуелді қылу арманын орындап кетті. Миссиясы аяқталғаннан кейін ол Қазақстаннан кетіп, өзінің жүрегіндегі нағыз отаны – Ресейге қоныс аударды.
Қазақстанды бөлшектеп сатқандар туралы алдағы уақытта әлі де айтамыз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!