Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зейнетақы қорындағы ақшаны қалай алуға болады?

08.12.2020, 16:40 309 0

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы келер жылы азаматтар зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін пайдалануға болатынын айтқан еді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» алдағы уақытта зейнетақы қорында жиналған қаражатты пайдалану бойынша бірыңғай оператор болуға ниетті.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, азаматтар зейнетақы қорындағы қаражатты баспана алуға, ипотека төлеуге, емге жұмсауға, сондай-ақ инвестициялық компаниялардың басқаруына бере алады.

Мамандардың есебіне сүйенсек, келер жылдың басында қор ақшасының бір бөлігін 800 мыңнан астам адам ала алады.

«Бүгінде ТҮҚЖБ зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін пайдалану бойынша мемлекетке ұсыныс жасады. Сонымен қатар, азаматтардың ем алу бойынша жұмсалатын қаражатты да бақылау жұмыстарын жүргізуге ниетті. Банк тарапынан салымшылар үшін зейнетақы қорындағы қаражатқа онлайн өтінім беру мақсатында платформа дайындалып жатыр», – деді Ләззат Ибрагимова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: