HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің айналымға жіберілгеніне биыл 27 жыл толып отыр. 1993 жылы наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық банк, банктер және банк қызметі туралы Заңы қабылданған болатын. Жаңа заң кабылданғанан кейін халықаралық банк жүйесімен бірігу үдерісі де басталды. 1993 жылы 15 қарашада еліміз экономикалық және қаржылық тәуелсіздік алды. Төл ақшамыздың атауына бастапқыда “алтын” және басқа да атауларды қарастыра отырып, кейіннен “теңге” атауы туған екен.
Тәуелсіздік алған жылдардан кейін еліміз жан-жақты салада дами бастаған еді. Өзге де елдермен халықаралық қатынастар орнатып, ынтымақтастығымызды орната бастаған кезде ұлттық валютаны айналымға енгізу маңызды рөлді атқарды. Теңге тарихына кішігірім шолу жасап кететін болсақ, 1994 жылдан бастап егеменді мемлекеттің экономикасы ұлттық валютаға негізделді.
Ұлттық валютаны енгізу Ұлттық Банкке экономикалық, ақша-несиелік, валюталық саясатты дербес жүргізуге мүмкіндік берген болатын. Қазақстандық Банкаралық Валюта Биржасы құрылып, биржалық сауда-саттық аптасына 2 рет, кейіннен 1995 жылдан бастап күнделікті жүргізіліп отырды. Экономикадағы оң көрсеткіштердің пайда болуы 1999 жылғы ішкі валюталық рыноктың дамуына байланысты болды. Дәл осы сәттен бастап евро бойынша сауда-саттықтың басталуы да еліміз үшін маңызды болды. Ал 2000 жылдары теңгенің биржалық бағымының тербелістері ұтымды күтістерде болды. Жыл аяғында 1 АҚШ долларына қатысты теңге бағымы 145 теңгені құрады.
2001 жылы ішкі валютадағы жағдай біркелкі болды. Қазіргі таңда еліміз көркейіп, даму үстінде. Тәуелсіз ел болғанымызға ширек ғасыр асқан уақыт ішінде экономикалық тұрғыдан да көптеген белестерді бағындырдық.
Айкена ТАСИЛОВА,
Әл-Фараби атындағы ҚҰУ
Тарих, археология және этнология факультеті
Тарих мамандығының 2-курс магистранты
Мадина БАЙДАВЛЕТОВА,
Жетекшісі PhD, доцент м.а
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!