Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сауда бағытындағы тосқауылдар жойылды

18.05.2021, 11:30 662

HALYQLINE.KZ 

«Еуразиялық одақты жүзеге асыру идеясы – бұл интеграция. Заңды түрде біз кедендік шекараларды аштық, бірақ іс жүзінде елдер өз өндірушілерін қорғауға тырысады және ішкі өндірушінің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағытталған белгілі бір тосқауылдар қояды. Әрине, бұл ЕАЭО құру идеясына қайшы келеді және біз онымен күресіп жатырмыз», – деді сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде.

«Енді барлық елдер сауда кедергісіз жүзеге асырылуы тиіс деп қол қойғаннан кейін, еркін сауда үшін қандай да бір кедергілер орнатуды міндеттеменің сақталмауы деп бағалауға болады және оларды Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында заңды түрде талқылап, жоюға қол жеткізуге болады. Ал ЕАЭО құрылмаса, бұл болмас еді. Біздің министрлік қазақстандық тауарлар жолындағы кедергілерді анықтау және жою бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда тосқауылдарды жоюдың рекордтық оң динамикасын атап өтуге болады. 2016 жылдан бастап бұрыннан бар тосқауылдардың 83%-ы жойылды. 66 тосқауыл сараланды, оның ішінде 54 тосқауыл жойылды», – деп хабарлады Жанель Кушукова.

Сарапшылардың бағалауынша, жойылған кедергілер шамамен 100 млн АҚШ долларын құрады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: