Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық нысандарымен танысты

19.08.2024, 10:30 193

Бүгін еліміздің өңірлерінен жиналған делегация өкілдері Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық нысандарымен танысты.

Ең алдымен, Сыр өңірінің ірі өндіріс орны саналатын шыны зауытының жұмыс барысымен танысты. Зауыттың негізгі қуаттылығы 197 мың тонна. Қазірде табақ шынымен елімізді толықтай қамтамасыз етіп отыр және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия елдеріне экспортталуда.

Одан әрі, жылу-энергия орталығының құрылыс барысымен танысты. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынатын ең ауқымды, теңдессіз жоба, Құны 215 млрд. теңге болатын орталық 2025 жылы іске қосылмақ. Жаңа ЖЭО электр энергиясын сырттан сатып алудан арылтып, өндірілген электр энергиясының бір бөлігін аймақтан тыс жерлерге сатуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, делегация өкілдері сол жағалауда орналасқан орталық стадион, қан орталығы, автовокзал ғимараты, оқушылар үйі, үстел теннисі мен музыкалық колледждің құрылыс нысандарын аралады.

Бұдан әрі, жақында пайдалануға берілетін «Қорқыт Ата» әуежайымен танысты. Жобаға бағытталған 20 млрд. теңгенің 15 млрд. 700 млн. теңгесі Болат Өтемұратов қорынан бөлінген. Жергілікті бюджеттің 4 млрд. 300 млн. теңгесі инфрақұрылымды дамытуға, аббаттандыруға, автожол жүргізуге жұмсалған.

Сонымен қатар, ұлттық бояуы заманауи үлгімен үйлескен мәдени-әлеуметтік нысан «Анаға тағзым» орталығының жұмыс барысымен танысты.

Сапар соңында, делегаттар «Жан Арай» ЖШС күріш өңдеу және құрама жем зауыттарын көрді. Мұнда тәулігіне 150 тонна күріш, 80 тонна құрама жем өндіреді. Кәсіпорында 300 ге жуық адам жұмыс істейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: