Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандағы ең табысты банк қайсы

29.02.2024, 12:00 417

Өткен ғасырдың ортасында ақшасын төсқалтада сақтайтындар көп еді. Ал қазір көбі теңгені төс тұсында емес, банк депозитінде сақтайды. Өйткені, депозит­тегі ақшаға үстемақы қосылады. Бар артықшылық – осы. Ақшаны қайда сақ­тай­тыныңыз маңызды емес, бастысы сенімді жерде тұрса, болды. Оның үстіне аз-кем пайыз үстемақы қосылса, несі жаман? Әңгіме қазақстандықтардың ақшаны қай банкте көбірек сақтайтынында болып отыр.  Өткен жылдың соңғы он айында ҚР ЕДБ  (екінші деңгейлі банкі) капиталы 1,78 трлн теңгеге жетті, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 53,8%-ға артық.

Еліміз бойынша тұрғындар Отбасы бан­кіне көбірек сеніп, қаржысын сонда сақтайтын көрінеді. Бұл банктің пайдасы бір жылда бірден 62,8%-ға көбейіп, 127,8 млрд теңгеге жеткен. Өткен  жылы Отбасы банкінің таза пайдасы 96 млрд теңгені құрап, өсім 46% болған. Бұл түсінікті де. Бір жағынан, ЕДБ мен ипоте­калық компаниялардың ҚР-да тұрғын үй құрылысымен сатып алуды тұтыну­шылық несиелеу нарығындағы белсенділігі өте қалыпты. Екінші жағынан, тиімді тұрғын үй құрылыс жинақ жүйе­сі және қолжетімді тұрғын үй құрылысы мен қамтамасыз етудің жаңа мемлекеттік бағ­дарламаларын енгізу Отбасы банкін қазақ­стандықтарды қолдаудың маңызды инс­титутына айналдырады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың тұрақты көбеюі байқалды (қазірдің өзінде экономикалық белсенді халықтың 28%-дан астамы), бұл банктің депозиттік базасы мен несиелеу көлемінің ұлғаюына әкеледі, демек, жоғары табыстылық көрсеткіш болады. Дәл осындай жағдай биыл да байқалуда. Ranking.kz жүргізген мониторинг  қорытындысы  осылай  дейді.

Еліміздегі ең көп табысқа шыққан қаржы институттарын тізіп берейік. Алғашқы үштікті бастайтын – Отбасы банк. Жалпы, Отбасы банкі – өте табыс­ты үлескер компания. Осыдан үш жылдай бұрын, 2021 жылы бұл қаржы институты өзінің таза табысының шамамен 50%-ын немесе 32,9 млрд теңгені бас компания­ға дивиденд ретінде төлеген. Өйткені,  тұрғындар  үйлі болу мақсатында табы­сының белгілі бір бөлігін осы банкке тұрақты түрде аударып отыр. Мақсат – банк тарапынан болатын жеңілдіктер ар­қылы үй алу. Өйткені, қазір кез келгеннің жанды  жері  баспана  болып  тұр.

Еліміздегі пайдасы жағынан екінші орында тұрған үлескер компания – Kaspi Bank. Оның табысы бір жылда 33,8%-ға көбейіп, 390,9 млрд теңгеге жетті. Ал үздік үштікті Еуразиялық Банк түйіндеді. Оның бір жыл ішінде капиталы 26,3%-ға кө­бейіп, 97,2  млрд  теңге  болды.

Ranking.kz ұсынған мәлімет бойынша, Halyk Bank (25,2%), Jusan Bank (24,1%), Bank RBK (20,3%) және ForteBank (10,7%) компаниялары регреске түсуге сәл қалып тұр. Оның пайызы өткен жылмен салыс­тырғанда аса көбеймеген. Бір қызы­ғы, биыл ҚР-ның бірде-бір ірі банкі, тіпті ешқандай банкі шығынға ұшыра­ған жоқ. Бір жыл бұрын екінші деңгейлі негіз­гі банктердің ішінде Bereke Bank (қазақ­стандық банктердің тобына кірген бұрынғы ресейлік Сбербанк) белгілі себеп­термен шығынға ұшыраған болатын. Алайда биыл қаржы институты өз орнын  қалпына  келтіріп, аз да болса пайда түсіріп отыр. 2023 жылдың соңғы он айының есебімен алғанда оның пайдасы  19,4  млрд  теңгеге  жеткен.

Еліміздегі ірі қаржы институттарының табысын есептеп, топ-9 банктің кестесін құрдық. Қарап  көріңіз.

Ескерту: Кестедегі банктер тізімі  2022 жылғы статистикаға байланысты өзгерген. Қаңтар-қазан/млрд  теңге.

Е.СӘРСЕНҰЛЫ.

Кестені  жасаған  автор.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: