Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Несиеге дейінгі 3 қадам

18.07.2020, 10:28 804

HALYQLINE.KZ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылғы маусымда жүргізген қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтар өтініштерінің 60%-дан астамы банк секторына келетінін көрсетті. Яғни, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға келеді. Мұндай өтініштер жеке тұлғалар-қарыз алушылардың өз несиесін өтеуге дәрменсіздігіне, борышты кешіруді талап етуге, банктік қарыз шартының талаптарын ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес келуін тексеруге байланысты.

Кез келген несие – өте маңызды мәселе, сондықтан болашақта қиындықтар болмас үшін несие ресімдеуге жауапкершілікпен қарау керек. Сонымен, кредит алудан бұрын ықтимал қарыз алушы назар аударуы тиіс үш маңызды мәселе бар.

1. Мақсат

«Не үшін кредит алғыңыз келеді?» деген сұраққа өзіңізге шынайы жауап беріңіз. Жалпы кредит өте ыңғайлы қаржылық құрал, бірақ оны дұрыс пайдалана білу керек.

Банктер тұрғын үй, автокөлік сатып алуға, басқа заттар сатып алуға тұтынушылық несие береді. Несиенің нысаналы емес және нысаналы нақты мақсаты бар болып бөлінеді. Қарыздың ең көп сомасымен, сыйақы мөлшерлемесімен, мерзімі мен кепілімен ерекшеленеді. Банктер оларды өздігінен және серіктестері – автодилерлермен, құрылыс компанияларымен, тұрмыстық техника дүкендерімен және басқа ұйымдармен бірге береді. Сондықтан кредиттің қай түрі сізге керек екенін шешіп алыңыз. Бұл, әрине, қарыз қандай мақсатта пайдаланылатынына байланысты.

Күмәнді жобаларға немесе ақшалай салымдар есебінен жоғары пайда алуға уәде беретін ұйымдарға инвестициялау үшін кредит алуға болмайды. Карантин кезеңінде қаржы алаяқтары белсенді бола түседі, сөйтіп Сіз қаржы пирамидасының тұзағына оңай түсіп қалуыңыз мүмкін.

2. Төлем қабілеттілігі

Сіз кредит алу мақсатын анықтап алдыңыз делік. Сіздің ойыңызша шешілген мәселе. Екінші қадам – өзіңіздің қаржылық жағдайыңыз бен төлем қабілеттілігіңізді бағалау. «Егер мен кенеттен ауырып қалсам немесе жұмыстан босап қалсам, несие бойынша төлем жасай алам ба?» деп өзіңізге сұрақ қойыңыз. Тұрақты табыс көзін ғана есептеңіз. Сіз лотерея ұтысына немесе жұмыста беріп қалуы мүмкін сыйлықақыға сеніп қалмаңыз. Сіздің міндеттемелеріңіз бойынша ай сайынғы төлем табысыңыздың 50%-ынан аспағаны өте маңызды. Тек осындай жағдайда ғана Сіз ертеңгі күнге және уақтылы өтеуге сенімді боласыз.

Айтпақшы, Сіз нақты шешім қабылдаған болсаңыз, онда несие ресімдемес бұрын міндетті түрде өзіңіздің несие тарихыңызды тексеріңіз. Қарыз алушылар қаржы алаяқтарының құрбаны болған және оларға бөтен қарыздар ресімделген жағдайлар да кездесіп жатады. Сондықтан кредит тарихын мезгіл-мезгіл тексеру керек. Сіз дербес несиелік есепті Мемлекеттік кредиттік бюродан және Бірінші кредиттік бюродан, «Қазпошта» бөлімшесінен, сондай-ақ egov.kz порталы арқылы ала аласыз.

3. Банктер ұсынатын өнімдер

Банктік несие нарығын зерттеңіз, екінші деңгейдегі банктердің сайттарына мониторинг жүргізіңіз. Несие шарттары туралы, қандай соманы алуға болады, ай сайынғы төлем мөлшері, пайыздық мөлшерлеме, төлеу қалай жүргізіледі, қандай мерзімде, комиссия алына ма, мерзімінен бұрын өтеу кезіндегі айыппұл санкциялары қандай, артық төлем қандай соманы құрайды, ақшаны қолма-қол алуға комиссия бар ма екендігін біліп алыңыз.

Заңнамада банктердің қарыз талаптарына қатысты толық ақпаратты жариялау міндеті көзделгенін атап өтеміз. Мәселен, банк банктік қарыз шартын жасағанға дейін клиентте туындаған мәселелер бойынша кеңес және мына ақпараттарды беруге міндетті:

 – банктік қарыз шартын беру мерзімі;

 – сыйақы мөлшерлемесінің түрін: белгіленген немесе құбылмалы, егер сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы болған жағдайда есеп айырысу тәртібін;

– тұтынушы жүгінген күнгі жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері (шынайы құны). Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) – бұл қарыз беруші кредит шарты бойынша төлейтін барлық төлемнің жалпы сомасы. Ол қаншалықты төмен болса, кредит соншалықты тиімді болады. ЖТСМ шекті мәнінің артуы және қарыз бойынша артық төлем анықталған жағдайда қарыз алушы қарыз шартын заңнама талаптарына сәйкес келмейді, жарамсыз ден тану үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: