Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мектептер құрылысы басты назарда болуы тиіс

19.04.2024, 8:55 211

HALYQLINE.KZ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім саласының өзекті мәселелері талқыланған мәжілісте биыл салынатын мектептердің сапасы, құрылыстың уақытылы аяқталуы жіті назарда болуы керектігін ескертті.

«Биыл өңірімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 10 мектеп, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының» және жергілікті бюджеттің қаржысына 3 мектеп салынуда. Оның 7-еуін жаңа оқу жылында, 6 білім ошағын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Одан бөлек, 4 мектеп жанынан қосымша құрылыс салынуда. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Мемлекет басшысының, Үкіметтің тікелей бақылауында. Құрылыс сапасын күнделікті қадағалап, мерзімінде аяқталуын басты назарда ұстау қажет», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Мұнан бөлек, мамыр айынан бастап облыстағы 7 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтеді. Облыстық бақылау жөніндегі басқармасына жұмыс сапасын, мерзімінде аяқталуын қатаң қадағалау тапсырылды.

Сондай-ақ, жиында кейбір аудандардағы кешкі мектептердің жабылуына орай қысқартылатын педагогтардың жұмыспен қамтылуы, мектептердегі штаттық бірліктердің тиімділігі талқыланды.

Суретті түсірген Е.Сәрсенұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: