Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Импорт тауарлары Қазақстанға кірмей тұрып тексеріледі

12.11.2020, 10:50 1321

HALYQLINE.KZ Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар «Техникалық реттеу» туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Аталған маңызды құжатты талқылау барысында Палата Спикері жаңа заң жобасының салмақты тұстарына ерекше назар аударды. Бұл заң жобасы қазақстандық нарықты сапасыз тауарлардан  қорғауға бағытталғанын айта келіп:

-Ең бастысы, өнім қауіпсіз болу керек. Басқа мәселелер, мысалы, өнімге маркировка жасау. Ол жағдайды кәсіпкерлердің өздері шешетін мүмкіндігі бар. Ол үшін тауарды қайтаруға, немесе өткізбеуге жол бермеу керек. Себебі, бұл кәсіпкерлер үшін өте үлкен шығын, – деді Нұрлан Нығматулин.

Атап айту керек, енді осы заң жобасына сәйкес, мемлекеттік бақылау өнімді өткізу сатысында ғана емес, оны еліміздің аумағына әкелгенге дейін жүргізетін болады. Осыған орай:

-Жасыратыны жоқ, осыған дейін басқаша болды. Мысалы, кез-келген өнімді біз ең алдымен елге кіргіземіз де, содан кейін тексереміз. Қауіпті жағдай болса, сонда ғана анықтау басталады. Енді өнім Қазақстанға кірмей тұрып, мемлекеттік бақылаудан өтеді. Қауіпті жағдай анықталса, бірден ол тауарды әрине, қайтарамыз. Бұл өте маңызды, өте қажетті қадам. Сондықтан бұл норманы міндетті түрде қолдауымыз керек, – деді Мәжіліс Төрағасы.

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, заң жобасына енгізілген түзетулер тұтынушыларды қауіпті тауарлардан қорғауды күшейтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: