Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеевтің бұйрығымен ҚР аумағына бидайды автомобиль көлігімен әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» бұйырығы мен Энергетика министрінің елімізден мұнайдың жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салу туралы бұйрығы күшіне енді .
«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тұқымдық бидайды қоспағанда, бидай импорттауға 6 айға тыйым салынсын. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін», — делінген Ауыл шаруашылығы министрінің бұйырығында.
Ал Энергетика министрлігі Қазақстаннан ЕАЭО-дан тыс жерлерге мына мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салды:
— жеңіл дистилляттар;
— авиакеросиндер және дизель отыны;
— газойлдар;
— толуол, ксилолдар;
— мұнай битумы
halyqline.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!