HALYQLINE.KZ –| Қазақстанда 164 мың адам 42 500 теңгелік әлеуметтік төлемді қайтарып берген.
– Елімізде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4 192 234 қазақстандыққа 42 500 теңгелік әлеуметтік төлем тағайындалған болатын. 4 054 417 адамға қазірдің өзінде ол ақша аударылып қойды. 164 730 адам өз еркімен 42 500 теңгені қайтарып берді, – деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай.
Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған 4 миллионнан астам адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болатын.
Соңғы мәліметтер бойынша «42 500 теңге» төлемге 8 млн 21 мың адам өтініш берген. Келіп түскен 3 млн 585 мың өтінім бойынша 42 500 теңге тағайындаудан бас тартылды, себебі олар ТЖ кезінде табыстың жоғалуына байланысты МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемді тағайындау қағидаларына сәйкестігін тексеруден өтпеген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!