Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағаштықтар да акцияға атсалысты

23.03.2026, 19:55 65

HALYQLINE.KZ

Бүгін, 23 наурыз – «Тазару күні» аясында ауданда тазалық іс-шараларымен қатар тал егу акциясы ұйымдастырылды. Акцияға аудан әкімі Ардақ Ибраимов қатысып, тұрғындарды «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына белсене атсалысуға шақырды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі жазды.

Сонымен қатар, «Мөлдір бұлақ» жобасы аясында Сырдария өзенінің жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған акцияға аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов қатысып, іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Акция барысында аудандағы «Қазсушар» өндірістік учаскесінің қызметкерлері және өзге де су шаруашылығы мекемелерінің мамандары өзен жағалауына тазалық жұмыстарын атқарды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: