Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызғалдақтар көрмесі өтеді

27.03.2021, 15:00 825

HALYQLINE.KZ  «Түркістанда қызғалдақтар көрмесін өткізуді жоспарлап отырмыз». Бұл туралы брифингте табиғи парктің туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің басшысы Ғани Назарбек мәлімдеді.

– Фотокөрмеде өңіріміздегі барлық қызғалдақ түрлері келушілер назарына ұсынылмақ. Айта кетерлігі, жуық арада бүр жаратын қырмызы қызғалдақтарды жұлғандарға заң аясында жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан тау бөктерінде жайқала өскен дала гүлдеріне, табиғатқа зиян тигізбеген абзал, – дейді ол.

«Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік паркі аумағында өткен жылы 14 орман өрт оқиғасы тіркелген. Ал, сұғанақтыққа 300 рет рейдтік тексеру жұмыстары жүргізіліп, 152 заңбұзушылық анықталған.

Заңсыз аң аулау, орман заңдылықтарын және балық қорын қорғау ережелерін бұзу дерегімен 130 оқиға бойынша 1 млн 93 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Биыл да жыл басынан бері 40 рет рейдтік тексеру жұмыстары жүргізіліп, 19 заңбұзушылық анықталған.

Өңірлік табиғи паркке қарасты 5 тұрақты және 1 уақытша орман тұқымбағында бүгінгі таңда 1 742 016 мың дана стандартты көшет өсірілуде. Тұқымбақтардың жалпы көлемі – 56 гектар.

Паркте сүтқоректілердің шамамен 46 түрі мекендейді, оның ішінде тас сусары, арқар, үнді жайрасы, ақ бауыр жарқанат, кеңқұлақты жарқанат Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Өсімдіктердің шамамен 850 түрі болса, оның 42 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген, – деді Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің маманы Қайрат Карибаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: