Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайнар» бұлағының аумағы тазартылды

23.03.2026, 20:10 57

HALYQLINE.KZ

Бүгін Жаңақорған ауданында республикалық «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Қосүйеңкі ауылдық округіндегі «Қайнар» бұлағының аумағында ауқымды тазалық іс-шарасы өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Іс-шараның ашылуында аудан әкімі Мажит Самитов жиналған жұртшылықты 23 наурыз – Тазару күнімен құттықтап, бұл күннің маңыздылығына тоқталды.

— Баршаңызды 23 наурыз — Тазару күнімен құттықтаймын. Бұл күннің өзіндік мәні ерекше. Ата-бабамыз «Бұлақ көрсең – көзін аш» деп, табиғатты аялауды, су көздерін қорғауды сауапты іс санаған.

Айналаны таза ұстау – әр азаматтың парызы. Осындай игі істер арқылы сіздер туған жердің көркеюіне өз үлестеріңізді қосып жатсыздар.

Әрдайым осындай игі бастамалардың басы-қасында жүріп, туған жерімізді бірге көркейте берейік! — деді.

Сондай-ақ, ауылдың қадірлі қариясы Тұрсынбек Мырзахметов ақ батасын беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шара барысында қатысушылар бұлақ көзін ашып, айналасын қоқыстан тазалап, аумақты ретке келтірді.

Сонымен бірге, Қосүйеңкі ауылының кіреберіс аумағына 300-ден астам ағаш көшеті отырғызылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: