Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал теңізінің құрғаған бөлігінің 350 мың гектарына сексеуіл егілді

23.12.2022, 17:00 362

HALYQLINE.KZ

Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікәли Мұқатаев Сыр өңіріне іссапармен келді. Сапар аясында вице-министр алдымен облыс тұрғындарымен кездесіп, аймақтың экологиялық жағдайы мен Арал тақырыбына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Одан кейін БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізіп, өңірдегі минералды-шикізат ресурстарының айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

 – Өңірлерде экожүйені жақсарту үшін былтыр жаңа Экологиялық кодекс қабылданып, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бекітілді. Осыған сәйкес, Қызылорда облысының экологиялық мәселелерін шешу жөніндегі нақты шаралар орындалуда. Атап айтқанда, биыл қалдықтарды басқару саласында қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 24,5 пайызды құрады. Сондай-ақ, соңғы 3 жылда Қызылорда қаласы мен Арал ауданында 2 жаңа қатты тұрмыстық қалдық полигоны салынды. Ал биыл Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы бойынша жобалық құжаттамалар әзірленді. Тағы бір маңызды мәселе – су саласын дамыту. Бүгінде су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту, реконструкциялау және суару арналарын цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында мемлекет басшысының тапсырмасымен Арал теңізінің құрғаған бөлігіне 350 мың гектар аумаққа сексеуіл егілді. Сонымен қатар Балық шаруашылығы саласын дамыту бағытында 2030 жылға дейін арнайы бағдарламасы бекітіліп, аймақта жыл басынан бері 4,1 мың тонна тауарлық балық өсірілді. Биыл тұқы, форель және африкалық сом өсіретін 4 тоған балық шаруашылықтары құрылды, – деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікәли Мұқатаев.

Айта кетейік, вице-министр баспасөз конференциясынан кейін тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, туындаған сауалдарына жауап берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: