Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аң-құстан да табыс табуға болады

11.10.2024, 10:35 113

HALYQLINE.KZ

Анам жастық шағын еске алып, бұрын елде үйдің жақын маңайына тұзақ салып, «бір сәтте үш-төрт қырғауыл ұстап алар едім» дегенде, көз алдыма аңға лық толған қалың көгалды дала елестейтін. Әр заманның осындай ерекше жақтары болады екен. Дегенмен, орман қожалығын дамытып, ол заманды талапқа сай қайта қалпына келтіру, көркем табиғат адамдарды өзіне тартып, ауылдардың дамуына да аса мол әсер етеді.

Ақ түйенің қарны жарылған заман келсе де, біздің әлі де аңдарды атып, жою әдетіміз қалмай жатыр. Әсіресе, Сыр бойында аң көрсе болды, ойына тек бірақ нәрсе түседі, яғни атып алғысы келеді екен. Қоян көп екен деп ондап қырып салудың қажеті жоқ. Бұндай шектен асқанның сұрауы бар екенін ұмытпайық. Осындай ішкі жаман пейілді түзету керек. Аңдар да – біздің стратегиялық азық қорымыз. Аңдар тым көп болса, өзіміз қажетімізге пайдаланамыз ғой. Ал, біз бұндай молшылығымыздан мүлде айырылып дымсыз қалдық. Енді бір-екі жыл шыдап аңдарды атуға тыйым салсақ, олардың саны ондаған есе көбейер еді. Кең дала аңдарын дронмен күзетіп, браконьерлерден қорғау керек. Аң тым көп болса, қала ішіне дейін кіріп келеді. Ал сарқылған көлшіктердің балықтарын тоған мен өзенге қайта жіберу керек. Әсіресе, елімізде мал еті жетеді. Ал, құстың еті керек болса, тауық еті бар ғой.

Бір ауданға барғанда жұмыртқа сатып отырған бір жастан бұл ненің жұмыртқасы десем, алысқа шықпаған ол маған «тауықтан басқа ненің жұмыртқасы болар еді?» деп мәз болып күлді. Көлшіктер мен ауылдағы арықтарға үйрек пен қаздарды жіберу – бұл да табыс. Кейбір ел осындай ұсақ нәрселерден де пайда табады. Тағы еті асадәмді күркетауық, т.б. құсты да көбейту керек. Әуелі аңдарға қамқорлық етудің орнына біз тек оларды қырып саламыз. Яғни ой-жазық жерлерді айдап жоңышқа мен дәнді дақылдар, т.б. шөп тұқымдарын шашып тастасақ, олар жыл сайын қайта өсе береді. Бұл үй жанурлары үшін де тиімді болып, бір жерде жайылып жатады. Көкөністер – табиғы витаминдер. Шопанның сөмкесі (Пастушья сумка) деген шөпті картоппен бірге қуырып жесеңіз, қойдың етінен де жағымды ләззат аласыз. Біз айтқанды ұқпай, тек біреуден көргеннен кейін ғана кеш қимылдаймыз. Бос жатқан кең Қызылқұмға сырттан Африка түйеқұсы мен киіктерін және т.б. өзіміздің ішкі аңдары әкеліп, үлкен қорық жасауға ыңғайлы. Елімізде аңдар көп болса, сырт елдерден де келіп аңшылық етеді.

Бос жатқан алыс арықтар бойлары мен егін алқаптары маңайына жиде, тұт, шие, т.б. бұталы жеміс ағаштарын отырғызып, орман қожалығын дамыту зиян болмас. Тал, терек, акация ағаштары біздің ылғал жерде өсе береді. Аңдар мен жемістерге толған Германия ормандары сияқты болса екен. Шаң-тозаңды жалаң даланың көгалданып қалыңдануы адам денсаулығын қорғаумен қатар аңдарға да ыңғайлы жағдай болып, қыста қатты суыққа, ал жазда ыстыққа пана болады. Біздің ауыр экологиялық аймақта үлкен ауылдарға газ жеткізіп, сексеулдерді қирата бермей, даланы көгалдандыру бізге барлық жағынан тиімді. Адам әр кезде табиғат көркіне бөленіп және онымен байланысып өмір сүреді. Сондықтан табиғатты қорғау – оның борышы.

Бекназар  ӘБСАДЫҚОВ

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: