Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Егін жинау науқанының қорытындысы мен спорт саласын дамыту мәселелері талқыланды

04.11.2025, 17:50 125

Бүгін Арал ауданының әкімі А. Оңғарбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, егін жинау науқанының қорытындысы және спорттық инфрақұрылымды дамыту мен бұқаралық спортты қолдау шаралары талқыланды.

Биыл ауданда 983 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 4 мың тоннадан астам өнім алынған.
Аудан әкімі ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж. Жұбановқа 2026 жылы егілетін егіс көлеміне осы бастан зерделеу жұмыстарын жүргізіп, бекітілетін меженің толық орындалуын үйлестіруді тапсырды.

Сонымен бірге жауапты басшыларға дене шынықтыру және сауықтыру кешендері ғимараттарында кемшіліктер болмауы қажеттігін айтып, спорттық инфрақұрылымды және спорт саласын дамыту бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылуы қажеттігін тапсырды.
Жиын соңында көтерілген мәселелердің барлығы өзекті екені айтылып, берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуы қатаң бақылауға алынатыны ескертілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: