Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Донор бол» акциясы өтті

24.09.2020, 10:20 399 0

HALYQLINE.KZ Қан тапсыру — қайырымдылықтың, мейірімділіктің бір көрінісі. Бүгін осындай «Донор бол, өмірге үміт сыйла» атты қайырымды шараға Жаңақорған аудандық пробация қызметінің қызметкерлері мен есептегі азаматтар өз еркімен қатысып, қан тапсырды.

«Қызметкерлер аудандық ауруханаға таңсәріден келіп, кезек күтіп, тіркеліп, тексерістен өтті. Дәрігердің рұқсатынан кейін ғана қайырымдылық шараға қатысып, донор бола алды. Қан тапсыру арқылы біреуге өмір сыйласақ, бұл үлкен қайырымды іс, қан тапсырудан ешқашан бас тартпаймыз, пробация есебіндегі азаматтар да донар ретінде қан тапсырып жатыр деді», – аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы әділет майоры Анарбек Искаков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: