Наурыз мейрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев жақында ашылған Президент саябағына барды, деп жазады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қала тұрғындары мен қонақтарының демалысын, бос уақытын тиімді өткізуі үшін қайта салынған саябақ алыстан көз тартады.
Мұнда заманауи субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, баскетбол, футбол алаңдары, биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед және жүгіру жолақтары, санитарлық пункттер орнатылған. Жалпы 31 гектарға 2 мыңнан астам ағаш, 50 мыңнан астам сәндік бұта және 17 түрлі көпжылдық гүл егілді.
Сонымен қатар бұл аумақта бірқатар ірі жоба қолға алынған. Атап айтқанда, 300 орындық заманауи балалар лагері, Ботаникалық білім беру орталығы, тоғыз қабатты 15 тұрғын үй, 200 төсектік жаңа перинаталдық орталық салынуда.
Алдағы уақытта жаңа драма театры мен заманауи Президенттік кітапхананың құрылысы басталмақ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!