Қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мейрамбек Әжібеков өткен жылдың қорытындысын жариялады.
– Былтыр ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 12,2 млрд теңгеге жеткен. Егіс алқабы 8 041 гектарды құраған. Оның ішінде 3 354 гектарға күріш, 1 311 гектарға көкөніс, 1 008 гектарға бақша дақылдары, 1 611 гектарға жоңышқа, 131 гектарға картоп және өзге де дақылдар егілген
Нәтижесінде 17 440 тонна күріш (гектарына 52 центнер), 17 764 тонна көкөніс, 13 579 тонна бақша өнімдері, 1 631 тонна картоп және 6 766 тонна жоңышқа жиналды, — деді Мейрамбек Әжібеков.
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!