ІІМ қызметкерлері короновируспен күресу үшін бір күндік жалақыларын аударады
Жалпы
алғанда, COVID-19-ға қарсы күреске және коронавирустық инфекцияның
таралуына қарсы әрекет етуге қажетті медициналық шараларды іске асыруға
400 миллион теңге жұмсалады.
– Офицерлік және сержанттық құрам, министрліктің және оның бөліністерінің мемлекеттік қызметшілері коронавирусқа қарсы күреске бір күндік жалақыны аударуды ұсынды. Біз полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге, азаматтық қорғау қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіреміз, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!