(мысал)
— Еңбек еттім, расында, көкке өрлеп,
Сахнада ән айттым аздап терлеп.
«Маған атақ неге жоқ?», айтыңдаршы,
Халық мені ұмытты болдым ермек, — деп, Бұлбұл орманды басына көтеріп ән салды. Бұрынғы орындаған әндері тамаша еді. Жүрекке жетеді. Мына зарлаған әні орман тұрғындарының жүйкесін тоздырды.
Теректің басына шығып алып:
— Неге мені «Орманның халық әртісі» деп атамайды? — деп, қатты өкпеледі.
Тіпті, Бұлбұл соңғы кездері ән айтпай қойды. Есесіне орманда тыныштық орнады. Бірақ, байғұсты ешкім іздемепті.
Өйткені, шын өнер атақ үшін емес, сахна үшін керек екенін орманды мекендейтіндер баяғыдан біледі…
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!