Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бұл қиындықты да ел болып еңсереміз

09.04.2020, 11:31 624

Күні кеше еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев ел басына күн туған осынау қиын-қыстау кезеңде халық алдына екінші мәрте шығып, үндеу жасады. Бүгінгідей бүкіл әлем алаң күй кешіп, ұлт саулығы сынға түскен қазіргі сәтте де баршаны сабырға, байсалдылыққа шақырып, тағы да өз жұртына ақ тілеулі сөзін арнады.

Еліміз қиын кезеңдердің барығында ел болып бірге еңсерген. Қауіпті дерт дүниежүзін шарлап, қиындық туғызған алғашқы кезден-ақ дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Түрлі қауіпсіздік шаралары алдын ала жасалды. Барлық мемлекеттік органдар арнаулы дайындықтан өткізілгендігін атап өтіп, Үкімет тарапынан атқарылған барлық іс-шаралардың барлығана халық болып қолдау көрсеткеніміз жөн екендігін ерекше атап өтті.

Мемлекетіміздің Ата Заңында Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі екендігі айтылған. Сондықтан қиын-қыстау кезеңде Үкімет үніне құлақ асып, бекітілген талаптарды орындау баршамыздың басты міндетіміз деп ойлаймын.

Жаһан елдерін әбігерге салған пандемия дертін көрші Қытай мемлекеті халқының ұйымшылдығы мен темірдей тәртібінің арқасында ауыздықтай алып, жеңіп шыққаны мәлім. Сондықтан, Елбасы үндеуін барша халық оқып, ой түйіп, бірлесе іс атқаруға тиіспіз. Елбасымыз айтқандай: «Рухы мықты, өзіне сенімді адамды қиындықтар шынықтырады. Сондықтан біз бойкүйездіктен, сарыуайымнан, енжарлықтан арылып, тығырықтан шығудың жолын іздеген бүкіл әлем халқымен бірге ширыға, шыңдала түсуіміз керек».

Баймырза Жұбаниязов,

Еңбек және тыл ардагері,

Арал ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: