6 ақпан – тарихтың қатпар-қатпар беттерінде таңбалы күндердің бірі. Әр жыл сайын дәл осы күні әлемнің әр түкпірінде ерекше оқиғалар мен мәнді мерекелер болады. Бұл күні біз тек белгілі бір тарихи кезеңдерді емес, ұлы тұлғаларды да еске аламыз. Себебі, 6 ақпан – тек әлем тарихының шежіресіне ғана емес, адамдардың жүрегіне жол тапқан музыканың, мәдениеттің, ғылымның, сонымен қатар ұлттық бірліктің күнтізбеге енген маңызды кезеңі.
Дүниежүзілік ұялы телефонсыз күн идеясының авторы – француз жазушысы Фил Марсо. Ол ұялы телефонға түбегейлі қарсы емес, алайда гаджетті шектен тыс қолданудың пайдасынан гөрі зияны көп деп санаған, оған номофобия себеп. Сол себепті Марсо жылына бір рет бір күнге ұялы телефонның адам өміріндегі рөлін қайта қарау мақсатында одан бас тартуды ұсынды. Дүниежүзілік ұялы телефонсыз күн бірінші рет 2001 жылы 6 ақпанда өтті.
Ал Ямайкада бұл күні Боб Марлидің туған күні тойланады. Жоғарғы әріпті әрбір дауыстың, еркіндіктің әнін айтып, әлемді таңғалдырған Марлидің есімі әлемнің әр түкпірінде естіледі. Ол – жай ғана әнші емес, мәдениетінің символына айналған тұлға. Оның дауысы арқылы регги әуені тек Ямайканың ғана емес, барлық әлемнің жүрегіне еніп, өзіне тән мәдениетті қалыптастырды. Боб Марлидің есімі ұмытылмайды. Оның әндерінде жай ғана ырғақ пен ритм емес, еркіндік пен бейбітшілікке деген ұмтылыс жатыр. Бұл күнді атап өтетіндер үшін Марлидің туған күні – тек әндер мен әуендерді тыңдау ғана емес, ол бейбітшілік, еркіндік үшін күрестің белгісі.
Саам халқының күні де дәл осы 6 ақпанда аталып өтеді. Төрт елдің, Норвегия, Швеция, Финляндия және Ресей Федерациясының солтүстік аймақтарында тұратын саамдар өзінің мәдениетін, дәстүрін, өнерін ұлықтайды. Бұл күн саамдардың өзара ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған үлкен оқиға саналады. 1917 жылы Тронхеймде саамдардың алғашқы кездесуі өтіп, олардың мәдениетін қорғау және бірігу жолында алғашқы қадам жасалды. Осыдан бастап, саамдар күні олардың дәстүрлерін сақтап, келер ұрпаққа мұра етіп қалдырудың бастауына айналды. Саам халқының мәдениетін жоғалтпау, оның құндылықтарын болашақ ұрпаққа жеткізу – бұл күннің басты мақсаты.
6 ақпан күні өткен ғасырлардан бері айтулы оқиғалармен де есте қалады. 1778 жылы Парижде АҚШ пен Франция арасындағы достық және сауда туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім әлемдік саясатта жаңа бастамаларды, жаңа бірлестіктерді ашты. 1788 жылы Массачусетс штаты АҚШ Конституциясын қабылдап, алтыншы штат атанды. Ал 1813 жылы Венецияда әлемге әйгілі «Танкред» операсының премьерасы өтті. Оның музыкасы мен сөзі ғасырға жуық уақыттан кейін де тыңдарманын баурап келеді. 1900 жылы ресейлік ғалым Александр Попов алғаш рет теңіздегі апатты радио сигналын жеткізіп, әлемдегі байланыс жүйелерінің дамуына тың серпін берді.
Қазақстан үшін де 6 ақпан – маңызды күн. 1920 жылы Түркістан майданы революциялық әскери кеңесінің бұйрығымен қазақ әскери бригадасы құрылды. Бұл оқиға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы үлкен қадамы болды. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі құрылып, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында маңызды қадам жасалды. 2003 жылы Лондонда тәуелсіз Қазақстанның кинематографиясына арналған фестиваль ашылды. Бұл фестиваль еліміздің өнерін халықаралық аренада танытуға үлкен мүмкіндік берді. Ал 2011 жылы Қазақстан қысқы Азия ойындарда рекорд орнатып, алтын медаль саны бойынша топ жарып, ел мақтанышы бола білді.
Дәл осы күні дүниеге келген тұлғалар да әлем мен Қазақстан тарихында өздерінің іздерін қалдырды. АҚШ-тың 40-шы президенті Рональд Рейган, танымал музыкант Боб Марли, джаз әншісі Натали Коул, ресейлік телеарна қайраткері Константин Эрнст және елімізде туған Әбілғазы Құсайынов, Абай Қарпықов, Бақытбек Смағұл, Жүсіпбек Қорғасбек сияқты тұлғалар әртүрлі салада үлкен жетістіктерге жетіп, әлем мен ел тарихында ерекше таңбаланды.
6 ақпан – тек бір күн емес, әрбір адамның тарихы мен мәдениетіне терең еніп, оның өткеніне, болашағына деген үлкен құрметті білдіретін күн. Бұл күні біз бармендердің өнерін, Боб Марлидің музыкасын, саам халқының мәдениетін, тарихтағы маңызды оқиғаларды еске алып, әрбіріміздің өз орнымызды табуға, әрқашан ілгері ұмтылуға мүмкіндік алатындай әсер аламыз.
Перизат ШАЙХСЛАМҚЫЗЫ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!