Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» стипендиясына құжат қабылдау басталды

04.03.2025, 12:10 45

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құжат қабылдау 3 наурыздан басталатынын хабарлады, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

«Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» стипендиясына құжат қабылдау басталды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдау 3 наурызда басталып 17 қазанда аяқталады.

Конкурстық іріктеу 2025 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. «Болашақ» стипендиясына құжат egov.kz порталы арқылы қабылданады. Шетелде кадрлар даярлау кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға басымдық беріледі.

2025 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін 645 стипендия бөлінген. Оның ішінде магистратура бағдарламасы бойынша – 411 стипендия, докторантура/резидентура бойынша – 41 стипендия, тағылымдамалар бойынша – 193 стипендия.

Ал «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша стипендия тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдау 3 наурызда басталып 31 қазанда аяқталады.

Конкурстық іріктеу 2025 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70 мекенжайында орналасқан «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесінің 5-қабатында 508-кабинетте жүргізіледі. Шетелде кадрлар даярлау кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға басымдық беріледі. Басқа қаладан келген үміткерлерге құжатты сенімхат арқылы тапсыру мүмкіндігі беріледі.

«Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында қазақстандық ғалымдардың біліктілігін арттыру мақсатында бекітілген. Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша 2025 жылға 250 стипендия бөлінген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: