Қызылордадағы «Болашақ» университеті мен «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты 2014 жылдан бастап чехиялық «Sociosféra-CZ» Ғылыми-баспа орталығымен ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді.
«Болашақ» ҒЗИ және «Sociosféra-CZ» ҒЗО бір-біріне ғылыми материалдар мен әдебиетпен, оның ішінде тараптардың әрқайсысының қолдауымен шығарылған әдебиеттермен алмасуға жәрдемдеседі және өзара алмасу әрбір елдегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Екі тарап қолда бар мүмкіндіктерді негізге ала отырып, келесі жұмыстарды атқаруға ұмтылады: бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу; бірлескен семинарлар, конференциялар, симпозиумдар өткізу; ынтымақтастық мәселелерінің бүкіл кешені бойынша жарияланымдармен алмасу.
2014 жылдан бастап «Болашақ» ҒЗИ төрт халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция бойынша бірлескен жұмыстарды бастады. Соңғы жылдардағы бірлескен жұмыстар «Қазіргі шарттардағы тәрбиенің мақсаттары, міндеттері мен құндылықтары» және «Адам мен қоғам қауіпсіздігі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың мәселесі ретінде» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар шеңберінде жүргізілуде.
Біздің ойымызша, конференция материалдарында жарияланған баяндамалардың сандық көрсеткіштеріне назар аударғанымыз жөн:
Осы мәліметтерден бес жыл ішінде 284 баяндама жарияланғаны көрініп тұр. Баяндамалар 9 елдің ғалымдары, оқытушылары, студенттері, аспиранттары мен докторанттарының авторлығында жазылған: Австрия, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Польша, Ресей, Украина. 2020 жылы аталмыш конференциялар Қызылорда облысы бойынша саяси зерттеулер ассоциациясының филиалы, Краснодар қаласындағы Әскери байланыс академиясының филиалы және Пенза мемлекеттік технологиялық университетімен бірлесіп өткізіледі. Конференцияның ресми тілдері – қазақ, орыс, ағылшын. Жоғарыдағы конференциялардың халықаралық ұйымдастыру комитетінің құрамына «Болашақ» ҒЗИ директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимов кіреді. 2018 жылғы Қызылорда «Болашақ» университетінің институционалдық аккредиттеуі кезінде Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (БСҚТА) сарапшылары осы жұмыстар кешенін жоғары оқу орындары үшін оң тәжірибе екендігін атап өтті.
(Kyzylorda-news.кз ақпарат агенттігінен алынды.)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!