Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының 2025 жылғы 17 маусымындағы №02-05/60 бұйрығымен «БАҚ және интернет-ресурстармен жұмыс» бөлімінің басшысы лауазымына Мұхат Руслан Жұмабекұлы тағайындалды.
Руслан Жұмабекұлы 1993 жылы 6 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.
2011-2015 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету», 2015-2017 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2016 жылы Қызылорда қаласында «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұрағатшысы ретінде бастаған.
2017 жылы Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының маманы қызметін атқарған.
2017-2022 жылдары Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
2022-2023 жылдары Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы;
2023-2025 жылдары Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің бас маманы;
2025 жылдың 24 ақпанынан бастап бүгінге күнге дейін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және жастар бөлімінің бас маманы қызметтерін абыроймен атқарып келді.
Бөлім басшысы тағайындалды
18.06.2025, 17:05 286
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!