Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл Сырдария ауданында 43 отбасы баспаналы болмақ

27.08.2021, 15:45 636

HALYQLINE.KZ Сырдария ауданында халықты баспанамен қамтамасыз ету күн тәртібінен түскен емес. Бүгінде барлығы 538 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев мәлімдеді.

«2021 жылы республикалық бюджеттен 11 елді мекенде 33 тұрғын үй яғни Айдарлы, Аманкелді, Бесарық, Ақжарма, А.Тоқмағамбетов, Қалжан ахун, Қоғалыкөл, Н.Ілиясов, Шаған, Шіркейлі, С.Сейфуллин елді мекендерінде құрылысын жалғастыру және аз қамтылған көпбалалы отбасыларына 10 тұрғын-жайын сатып алуға қаржы бөлініп отыр», – деді аудан әкімі.

Жалпы, биыл мемлекет есебінен сырдариялық 43 отбасы баспаналы болады деген жоспар бар. Айта кету керек, соңғы жылдары жеке тұрғын үй секторында 329 жер учаскесі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Қуаныштысы, бұл тұрғындардың қоныс тойын тойлауына тікелей әсер етуде.

Пікірлер:
  • Сәлеметсіз бе, мен 2013 ж бастап бюджеттік жұмысшы ретінде үйге мұқтаж тізімінде 17 болып турмын. Шаған ауылында салынып турган 3 үйден алуға мүмкіндігім барма? Нақты акпаратты күтемін. 87761519470

Есенкулова Нурбина Маратовна үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: