HALYQLINE.KZ Биыл Сырдариядан егістікке 1,5 млрд текше метр су құйылды. Сондай-ақ, әліде 2,7 млрд сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте «ҚазСуШар» РМК Қызылорда филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров баяндады.
«Биыл егін алқабына 4 млрд текше метр ағын су қажет. Диқандар егістікке келетін судың әр тамшысын үнемдеуде. Яғни, Сырдария трансшекаралық өзен болғандықтан оны Өзбекстанмен бөлісудеміз. Осыған байланысты, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің өкілдерімен маусым-тамыз айларында Шардара су қоймасынан 2,3 млрд көлемде су жіберуге келіссөз жүргізілуде», – деді Жорабек Шашыбекұлы.
Қазіргі таңда Сырдария өзенінің төменгі ағысына Шардара су қоймасынан секундына 250 текше метр, Көксарай су реттегішінен 300, барлығы 550 текше метр су құйылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!